|
Жапонияда сиыр тезегімен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқышы сынақтан өтті (видео)
|
Күншығыс елінің Interstellar Technologies компаниясы отын ретінде сиыр тезегінен алынған биометанды пайдаланатын зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізу арқылы ғарышқа ұшуда төңкеріс жасау мүмкіндігін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Futurism ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау экологиялық және инновациялық әдіс зымыран ұшырудың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға сеп болмақ. Хоккайдода сыналған ZERO қозғалтқышы ғарыштық технологиядағы алға жасалған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр. Аталмыш компания инженерлері сиыр тезегінен алынған отын жердің төменгі орбитасына спутниктерді шығаруға арналған жоғары технологиялық зымырандарды жасауды пайдаланылмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
■
Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
■
Германияда мешіттердегі жұма намазының кестесі жарияланған жол белгілері қойылды