Kizilelma стелс ұшқышсыз ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
Kizilelma стелс ұшқышсыз ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
1 жыл бұрын 1162 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктің Baykar компаниясы Kizilelma жасырын ұшқышсыз ұшағының жердегі сынақтарын өткізді. Құрылғы ұшу-қону жолағында алғаш рет жүріп өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Апаратты  Текирдаг провинциясындағы әуе базасында  автономды (ұшқышсыз) жүргізіп көрді.  Kizilelma қысқа ұшу-қону жолағы бар кемелерге, соның ішінде Anadolu әмбебап шабуыл кемесіне қонуға қабілетті болатыны атап өтілді. Сондай-ақ, ұшқышсыз ұшақ басқарылатын ұшақтармен қатар жұмыс істей алады және «әуе-әуе» зымырандарын тасымалдай алады. Kizilelma-ның барынша жылдамдығы сағатына 800 шақырымды құрайды, салмағы 1,5 тоннаға дейінгі жүкті алып жүре алады. Қазан айында Baykar-дың бас директоры Халық Байрактар ​​компания өзінің дрондарын басқарылатын «әуе-әуе» зымырандарымен жабдықтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Наурыз айында Defence News басылымы Kizilelma аппаратының белсенді фазалық радармен және турбожелдеткіш қозғалтқышпен жабдықталатынын жазған еді. Алғашқы ұшуы 2023 жылға жоспарланған.

0 пікір
Мұрағат