|
Короновирустен көз жұмғандарға қарағанда темекіден өлгендер қарасы бірнеше есеп көп
|
Түркияда бір жыл ішінде тәжді тажал инфекциясынан 28 мыңға тарта адам қаза тапса, темекі өнімдерін тұтынудан 120 мың адам бақилық болған. Олардың бес мыңы анасы жат әдетке бой алдырғандықтан жарық дүниені көре алмай, құрсақта жатып шетінеп кеткен шараналар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Медицина ғылымдары университетінің ректоры, профессор Жебдет Ердолға жөн сілтеген «Анадолы» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік профессорының айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шамамен 100 млн адамның осынау жат әдеттен бас тартуына көмектесетін науқанды бастады. Осылай деген ол шылым шегу де тәжді тажал пандемиясы секілді күллі әлем тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіріп тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды