Ластанған ауаның аутоиммундық ауруларға ұрындыратын қатері жоғары
Ластанған ауаның аутоиммундық ауруларға ұрындыратын қатері жоғары
2 жыл бұрын 1898 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италиядағы Верона университетінің ғалымдары ұзақ уақытқа ластанған ауаның аутоиммундық ауруларға ұрындыру қатерін арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар 2016-2020 жылдар аралығында сынық жарақатының қатерін қадағалау бойынша зерттеуге қатысқан 81 363 адамның деректерін сараптай келе осындай тұжырымға келіп отыр. Олардың 12 пайызынан иммундық аурулар табылған. Бұл бағытта ғалымдар көлік құралдары мен электр стансалары секілді көздерден бөлінетін ұсақ, қатты бөлшектердің (PM10 және) PM2,5 деген таңбамен белгілі) адамға тигізер орташа ұзақ мерзімді әсерін бағамдаған болатын. PM10-нің бір текше метрге шаққандағы 30 микрограмдық және PM2.5-тің текше шақырымға шаққандағы 20 микрограмдық концентрациясы (шоғырлану деңгейлері) әдетте адам денсаулығына зиянды деп саналатын шекті мәндер болып табылады. Ауа ластануының жоғары деңгейі ұзақ уақыт сақталар болса, бұл жайт өз кезегінде ревматоидты артрит дертіне шалдытыру қаупін шамамен 40%-ға, Крон ауруы және ойық жаралы колит сияқты ішектің қабыну ауруларына ұшырату қаупін 20%-ға, т.б. арттырады. 

0 пікір
Мұрағат