|
Мемлекеттік Дума ресейліктерді Кавказдағыдай қарт туыстарына қамқорлық жасауға міндеттегісі келеді
|
Думаның Отбасы, әйелдер және балалар комитетінің жетекшісі Нина Останина ресейліктерді өзін қамтамасыз ете алмайтын қауқарсыз қарт туыстарына қамқорлық жасауға заңды түрде міндеттеуді ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл игі шара өз кезегінде елдегі қарттар үйлерінің санын қысқартуға септігін тигізеді әрі мемлекеттік бюджет шығынын азайтады. Саясаткер Ресей өңірлерін қарттарына құрметпен қарайтын Кавказ аймағынан үлгі алуға үндеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді