|
Мұсылмандарға тіл тигізгені үшін жылы орнымен хош айтысты
|
АҚШ-тың Нью-Джерси қаласының мектеп бойынша білім беру кеңесінің мүшесі Глэдис Грискевич "Facebook» әлеуметтік желісінде исламофобиялық комментари жариялап, мұсылмандарға тіл тигізгені үшін қызметінен қуылды. Ол мұсылмандардан «шөл далаларыңда отырып, өз елдеріңде діндеріңді ұстаныңдар», деп талап еткен. «Елдеріңе қайтыңдар, Американы сендейлерден құтқару керек»,- деп жазған. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тағы исламофобиялық құбылыспен күресіп келе жатқан Америка-Ислам жөніндегі құқық қорғау кеңесі (CAIR) ресми тұлғасының бұл жазбасына орай жиын өткізіп, талқыға салды. Нәтижесінде исламофоб әйелді қызметінен қуды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды