Н.Әбдіров:Түрмеден шыққандарды жұмысқа орналастыру жағын қарастыруымыз керек (видео)
Н.Әбдіров:Түрмеден шыққандарды жұмысқа орналастыру жағын қарастыруымыз керек  (видео)
8 жыл бұрын 2352 24.kz

Қарағанды облысында ай сайын 100 адам түрмеден босап шығады. Олардың көбі еркіндікке шыққан соң қылмысын қайталайды. Бұл туралы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметіне кіріскен жергілікті полицейлер мәлімдеді. Қарағандыға ат басын тіреген Мәжіліс депутаттары Ұлт жоспарындағы маңызды қадамдардың бірі – жергілікті полицейлердің жұмысымен танысты. Тәртіп сақшылардың негізгі мақсаты – қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді орындау. Қазір  өңірде 3000-ға жуық жергілікті полицей жұмыс істейді. Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Біз министр мырзаға сауал жолдағанымызда ол кісі елімізде ұсақ қылмыстың өршіп тұрғанын айтты. Әсіресе өзгенің дүние-мүлкіне қол сұғатындардың қатары артқан. Олардың басым бөлігі жұмыссыз жүргендер. Бәлкім қылмысқа мәжбүрлікпен барған болар. Сондықтан оларды жаппай түрмеге тоғыта бергеннен жұмысқа орналастыру жағын да қарастыруымыз керек. Оларды тәрбиелеп, дұрыс жолға салу керек.

 

0 пікір
Мұрағат