Мысыр ұлттық валюта құндылығын доллармен бағамдаудан бас тартқысы келді
Мысыр ұлттық валюта құндылығын доллармен бағамдаудан бас тартқысы келді
2 жыл бұрын 1721 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі төл ақшасын долларға шағып, бағамдаудан бас тартудың жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Пирамидалар елінің Орталық банк жетекшісі Хасан Абдаллаға жөн сілтеген gamingdeputy.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта мысырлық фунттың индексін түзуді көздеп отыр. Мысырдың бас қаржыгерінің айтуынша, АҚШ долларына негізінен мұнай шикізатын өндіретін елдер валютасы «байланған». Ал Мысыр мұнай өндірмейді әрі АҚШ-тың негізгі серіктесі емес. «Сондықтан, доллар бағамына қарамастан, біз Мысыр фунтының индексін құру бойынша жұмыс істей бастадық - ол бірнеше валютаны, сондай-ақ, алтынды және басқа металдарды ескеруі мүмкін», - деді ол. Орталық банк басшысы Мысыр фунтының түрік лирасына, еуроға және британ фунт стерлингіне қатысты күшейіп, долларға қатысты әлсірегенін, алайда, халықтың мұны байқамай жатқанын жеткізді. Сондықтан Мысыр валютасы америкалық валютаға тәуелді деген пікірді өзгерту керек.

0 пікір
Мұрағат