|
Мысырда шетелдіктер пойыз билетін тек доллармен немесе еуромен сатып ала алады
|
Мысырдағы шетелдіктер 2023 жылдың қаңтар айынан бастап пойыз билеттерін доллар мен еуроға ғана сатып ала алады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде пирамидалар елінің көлік министрі Кәміл әл-Уәзір мәлімдемесіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол соңғы бірнеше күнде шетел валютасына мыңнан астам билет брондатқан өзге мемлекеттердің азаматтары тарапынан сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, министр Мысырда шетелдік валюта тапшылығы байқалып отырғанын әрі ел бюджетіне түсуі тиіс валютаның өзге біреулердің қалтасында кетпеуінің алдын алу үшін осындай қадамға барып отырғандарын жеткізді. Өйткені, елдегі туристер қара базардағы ақша айырбастау орындарына жиі жүгінетін болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді