Өлім жазасы қайта енгізіледі
Өлім жазасы қайта енгізіледі
6 жыл бұрын 4319 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисена елдегі қарсылық пен наразылыққа қарамастан өлім жазасы қайта енгізілетінін мәлімдеді. Әлбетте, халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Еуропалық одақ Шри-Ланка билігінің бұл қадамын айыптып, сынға алып отыр. Бірден айта кету керек, аталған елде ең ауыр жазаға 40 жыл бойы моратория жарияланып келген болатын. Аталған ел билігі мұндай қатал шараға ел аумағындағы есірткі саудасының қарқын алып кетуіне байланысты барғалы отыр. Шри-Ланка президенті министрлер кабинетіне тиісті тапсырмалар беріп, әділет министрлігіне қажетті шараларды қолға алуд тапсырды. Шри-Ланка соты кісі өлімі, зорлау, есірткі саудасы секілді ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кескенімен бұл үкімдердің бірде-біреуі 1976 жылдан бері жүзегем асырылған емес.

0 пікір
Мұрағат