Оңтүстік-шығыс Азияда сұлулық индустриясы қанат жайып келеді
Оңтүстік-шығыс Азияда сұлулық индустриясы қанат жайып келеді
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

T-beauty индустриясы (Тайландтағы эстетикалық индустрия) жыл сайын 5 пайызға тұрақты түрде артып келеді және бір саусақ санына жетпейтін жылда, дәлірегі, 2030 жылға таман Тайландтың аталмыш индустриясындағы айналым 10 млрд доллардан асып түсетін болады. Осы қарқынынан танбаса. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, Қытайда сұлулық индустриясы 75 миллиард долларды, Жапония - 28 миллиард долларды, ал Оңтүстік Корея - 13 миллиард долларды құрайды.  Сұлулық индустриясының негізгі тұтынушылары сол аймақтың тұрғындары және шетелдік клиенттер. Олардың орташа жасы шамамен 25-ті құрайды. Осы орайда жас ұлғайған сайын болатын организмдегі қартаю процесімен қатар жүретін бет-әлпеттегі, түр-тұлғадағы өзгерістерге қарсы түрлі шаралар қолданылып келгенін айта кетпекпіз. Сондай шаралардың бірі – пластикалық ота және филлер. Алайда, бүгінгі клиенттер бұл үрдістен бас тартып жатыр. Біріншіден, қымбатқа түседі, екіншіден, тек адамның бет-әлпетін клиент ойындағысынан бөлек - ұсқынсыз етіп жіберуден бұрын денсаулыққа қауіп-қатерін ескереді. Оның орнын неғұрлым табиғи жолмен жасарту процедуралары басқан. Тай дерматологы қазіргі клиенттердің осындай оталар мен процедуларадан кейін терінің тез тозынан қауіптенетінін алға тартып отыр. Түзету мен қалпына келтіруден гөрі аллдын алу және сақтау шараларына ден қойып отыр. Бүгінде Тайланд аумағында сауықтыру мен сұлулық салондарынан аяқ алып жүре алмайсыз. Өйткені, сұраныс жоғары. Бұған қоса, эстетика саласындағы бай тәжірибесі де шығынды азайтуға, клиенттерді тартуға септігін тигізеді. Елге келген туристердің көбісі бұл қызметке жүгінбей кетпейді. Тіпті, клиенттің беті бейнеленген латте де ұсынылатын The Demis-те терінің жасартатын және жасөспірімдерге тән балғындықты дарытатын лазерлік терапия құны шамамен 1000 доллардан басталады. Бұл сессиялар 3000 долларына дейін баруы мүмкін, есесіне, Лондон мен Нью-Йорктегіден бірнеше есе арзанға түседі. Сол үшін шетелдіктер Тайландқа ағылады. Сұлулық стандарттары уақыт өте келе өзгереді және әр аймақта жергілікті дүниетаным мен менталитетке қарай бағаланады. Мәселен, тай сұлулығы өте жарқын сипатқа ие. Ал корей эстетикасына жұмсақтық пен нәзіктік тән.

0 пікір
Мұрағат