|
Ораза айтта үш күн емес, бес күн қатарынан демалатын ел бар
|
Дағыстан республикасында жұртшылық ел басшысы Владимир Васильевтің бастамасымен Ораза айтта бұрынғыша немесе көптеген мұсылман елдері секілді үш күн емес, бес қатарынан демалатын болды. Бұл жайында аталмыш республика жетекшісінің баспсөз қызметі мәлім етті. Қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты мерекеленетін Ораза айт әдетте үш күнге созылады. Алайда, Ораза айт күндеріне тұспа-тұс келетін маусым айының 5,6 және 7-і жұмыс күндері ел тұрғындары демалады. Сонымен қатар, маусымның 8-і сенбіге, ал 9-ы жексенбіге сәйкес келетіндіктен бұл күндері де жұртшылық демалатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті