Мектепте оқушыларға телефонды пайдалануға тыйым салды
Мектепте оқушыларға телефонды пайдалануға тыйым салды
5 жыл бұрын 2779 jasqazaq.kz Жолдасбек Дуанабай

Францияда жұртшылық тарапынан қолдау тапқан игі шара іске асты. Ендігі жерде 15 жасқа дейінгі балалар мектепте ұялы телефонды қолдана алмайды.
Осыған дейін мұғалімдер сабақта телефонын шұқылып отыратын оқушылардың тірлігінен мезі болғанын, тіпті олардың өздерін тыңдаудан қалғанына жиі шағымданып келген. Ел билігі осы қиындықтан шығудың жолып тапты. Ендігі жерде оқушылар сабақ түгілі түскі ас кезінде де телефонын қолына ұстай алмайды. Бұл туралы Business Insider хабарлады деп жазады lifter.com.ua.
Шын мәнінде телефонға балалардың да байланып қалғанына Үкімет те алаңдаушылық білдіре бастаған. Ақыры осыған қатысты заңға Франция президенті Эммануел Макрон қол қойған. Тыйым салынған құралдар қатарында планшет, ақылды сағаттар да бар. Жаңа заңға сай оқушылар күні бойы телефонды өшіріп немесе арнаулы орынға қойып кетуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат