|
Қадір түнінің құрметіне 764 жазасын өтеушіге рақымшылық жасалды
|
Түркіменстан президенті Құрбанұлы Бердімұхамедов мамыр айының 29-ы күні үкімет мәжілісінде «Қасиетті Гадыр кижесі (Қадір түні) құрметіне айыпталған тұлғаларға рақымшылық жасау туралы» жарлыққа қол қойды. Аталмыш жарлыққа сәйкес абақтының арғы жағында отырған тұтқындардың жазасын өтеу мерзімі қысқартылып, бостандыққа шығарылады. Алайда, мерзімінен бұрын босап шыққандар белгілі бір елді-мекеннен ұзамауы тиіс. Яғни, биліктің талабы бойынша еркіндікті де бақылауда болады. Аталған мемлекет басшысы бас прокурор Батыр Атдаевқа және өзге де құқық қорғау органдарының жетекшілеріне тиісті пәрмен берді. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, облыс, аудан басшыларына рақымшылық жасалғандарды жұмысқа тұрғызуға тапсырма берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті