Органикалық жеміс-жидек пен көкөністің жаһандық өндірісі жылына 5%-ға артуда
Органикалық жеміс-жидек пен көкөністің жаһандық өндірісі жылына 5%-ға артуда
5 ай бұрын 664 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша органикалық жеміс-жидек пен көкөніс нарығы тұрақты өсу үстінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш нарық 8,69 млрд долларға жеткен, сарапшылардың болжамынша, келесі жылы бұл көрсеткіш 9,12 млрд долларға, яғни, 4,9%-ға артпақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Research and Markets дерек көзіне жөн сілтеген AgroPortal сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Органикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің өсу құбылысын бірнеше фактормен байланыстырып түсіндірді: тұтынушылардың органикалық өнімдердің денсаулыққа пайдасы туралы құлағдар болуы, қоршаған ортаға зияны тимейтіні, органикалық сертифкаттардың қолданысқа енуі, органикалық өнімдерге ден қойған бөлшек саудаға мемлекет тарапынан қолдаудың болуы. Сарапшылардың пікірінше, 2028 жылы жаһандық органикалық жеміс-жидек пен көкөніс нарығы жыл сайын орташа есеппен 5,1%-ға өсіп, 11,11 млрд долларға жетпек. Осы орайда органикалық өнімдерге химиялық тыңайтқышсыз, синтетикалық минералсыз, т.б. жолмен өсірілген табиғи өнімдер жататынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат