|
Орта Азия бойынша медициналық туризмі көш бастаған ел белгілі болды
|
Биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында Өзбекстанға емделуге 67,4 мың шетелдік азамат келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде елдің статистика агенттігі келтірген дерегіне жөн сілтеген kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 31,1 мың адамға артқан. Аталған мемлекетке ем-дом алу үшін келген шетелдіктер арасында Орта Азия аймағы тұрғындарының қарасы көп: Тәжікстаннан (51,6 мың), Қазақстаннан (7,7 мың) және Қырғызстаннан (6,2 мың) келген. Әзірбайжан бұл тізімде соңғы орында, ол жақтан емделуге небәрі 9 адам келген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр