Иран астанасын ауыстыру туралы ұсыныс айтылды
Иран астанасын ауыстыру туралы ұсыныс айтылды
23 күн бұрын 694 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Rimidolove

Иран президенті Масғұд Пезешкиан Иран билгінің елдің саяси және экономикалық орталығын республиканың оңтүстік шекарасына таман, дәлірегі, Парсы шығанағы жағалауына көшіруден басқа амалы қалмағанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Fars ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол Теһранның астана мәртебесін сақтап қалудың мүмкін еместігін бірқатар себептерге, ең алдымен экономикалық себептерге байланысты енін атап өтті. «Қазіргі үрдісті жалғастыру арқылы елді дамыту мүмкін емес. Егер біз Теһранға оңтүстік пен теңізден ресурстар әкелуді жалғастырғымыз келсе, оларды өнімге айналдырып, экспортқа қайтадан оңтүстікке жібергіміз келсе, бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізді одан ары төмендетеді», - деп қосты ол. Бұдан бөлек, Теһран қаласы жыл сайын 25 сантиметрге шөгіп барады. Бұған зілзала секілді табиғи апаттардан бөлек құрғақшылық және жерасты суының азаюы да әсер етуде.

0 пікір
Мұрағат