Өзбекстанның бірнеше өңірінде уран кені табылды
Өзбекстанның бірнеше өңірінде уран кені табылды
23 күн бұрын 403 inform.kz Әлихан Асқар

KAZINFORM – Өзбекстанның 6 облысында уранның жаңа кен орындары анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Министрлер Кабинетінің қаулысында жазылғандай, «Навоиуран» мемлекеттік компаниясының бірнеше өңірде жүргізген геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде уранның перспективалы кен орындары анықталды.

уран кеніші
Фото: ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі

Атап айтқанда, металл қоры Шафиркан (Бұхара облысы), Фариш (Жизақ облысы), Қызылтепа, Хатыршы (Навой облысы), Мубарек, Касан (Қашқадария облысы) және Пап аудандарымен қатар (Наманған облысы) Ташкент облысына қарасты Ангрен қаласының аумағында табылды.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстандағы Үлбі металлургиялық зауыты аумағында уранның шикізат қоры сақталғанын хабарлап едік.

уран кеніші
Фото: ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі
0 пікір
Мұрағат