Отбасын құру жасына жетпегендермен некесін қиғандар жауапкершілікке тартылады
Отбасын құру жасына жетпегендермен некесін қиғандар жауапкершілікке тартылады
8 ай бұрын 754 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Отбасын құратын жасқа жетпегендердің некесін қию заңды жолмен некесін тіркетпегендермен теңестіріледі. Мұндай заң бұзушылыққа барғандарға 15-тен 30-ға дейінгі базалық есептік мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өзбекстан республикасының жоғарғы сотының баспасөз қызметінің жетекшісіне жөн сілтеген kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа заң талаптарына сәйкес осы баптың бірінші бөлігінің санкциясы «300-ден 600-ге дейінгі негізгі есептiк бiрлiктiң мөлшерiнде айыппұл салу не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жегу, не бас бостандығын шектеу бойынша жазаланады» деп өзгертілді. Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 473-бабы «Неке жасы немесе некеге тұру тәртібі туралы заңнаманы бұзу» деп аталады. Өзбектердің әкімшілік жауапкершілік туралы кодексі «Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау» деп аталатын жаңа 478-баппен толықтырылды. Қолданысқа енгізілген бапқа сәйкес көп әйел алуды насихаттау және мұндай салтты мақұлдау өз кезегінде он бестен отызға дейін базалық есептік бірлікте айыппұл салуға немесе он бес тәулікке қамалуға әкеп соқтырады.

0 пікір
Мұрағат