|
Өткен жылы тікелей инвестиция 40%-ға азайып кеткен
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда-саттық және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) есебі мен келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы әлемдік экономикаға тікелей инвестиция мөлшері 19%-ға күрт кеміп кеткен. Яғни, 2008 жылы дамыған елдердің өзінде әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегіден де төмен көрсеткішке жеткен. Әлемдік экономикаға 2017 дылы 1,47 трлн доллар, ал 2018 жылы 1,2 трлн тікелей доллар инвестиция тартылған екен.

Экономикасы дамыған елдерде тікелей инвестиция мөлшері 2017–2018 жылдары 40%-ға, яғни, 749 млрд доллардан 451 млрд долларға дейін азайған. Бұл санатқа көбінесе батыс елдері кірген.

Өткен жылы еуропадағы инвестиция мөлшері оның алдындағы жыл көрсеткішімен салыстырғанда 73%-ға бір-ақ құлдыраған.

Керісінше, Азия елдеріндегі инвестиция мөлшері өткен жылы 5%-ға, ал Африка құрлығындағы елдерде 6%-ға артқан. Бұл нені білдіреді. Дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда экономикалық әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Ең алдымен, ресурсты игеру аспектісінде. Азия мен Африка енді игеріліп жатқан экономикалық аймақтар санатынын. 2010 жылы дамушы елдердің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 38%-дан аспап еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды