Пентагон климатты ішінара қасақана өзгертуі мүмкін деген күдікке ілінді
Пентагон климатты ішінара қасақана өзгертуі мүмкін деген күдікке ілінді
4 жыл бұрын 2615 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдардың топшылауынша, америкалық HAARP бағдарламасы жер планетасының жекелеген аймақтарындағы климатты мәжбүрлі түрде өзгертуге арналған геофизикалық қару жасауды ұйғарады. «Әскери-өнеркәсіп курьері» деп аталатын мерзімді басылымға сұхбат берген Ресей Федерациясының ақпараттық саясат бойынша зымыран және артиллерия ғылым академиясы президентінің орынбасары, әскери ғылым докторы Константин Сивков HAARP-тың жиілігі жоғары сәулеленуімен ионсфераның өзара әрекетін зерделеуге қатысты бағдарламаны Пентагон әлемнің әр түкпірінде климатты өзгерту үшін пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Десе де ресейлік ғалым High Frequency Active Auroral Research Program деп аталатын жоба мен жоғары жиілікте энергияны сәулелендіруге бағытталған аса қуатты кешен «зымыранға қарсы қорғаныс кешені ретінде құрылғанын» да жасырмайды. «HAARP-тың әсерінен пайда болатын ионосфералық ауытқу ауа райының қалыптасу процесіне кері әсерін тигізеді. Тек оған ғана емес, сонымен қатар, планета қойнауына де әсерін тигізуі мүмкін»,- дейді ғалым америкалықтардың аталмыш бағдарламасының қауіптілігін ескерте келе. Мұның ең қатерлі тұсы – оның ықтимал салдарын болжап білу мүмкін емес. Сол себепті, аталмыш кешенды пайдалану өз кезегінде орны толмас апатқа ұрындыру мүмкін екенін алға тартып отыр. Осылай дей келе ол HAARP-тың ықтимал салдарын айтарлықтай дәл болжау әдісінің пайда болуына орай ол аса қуатты геофизикалық әрі климаттық қаруға айналады»,- деп сөзін түйіндеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, кезінде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан климат қаруы туралы ақпараттың төркіні 1997-2013 жылдар аралығында АҚШ аумағында қолға алынған, ионосфераны және полярлық шұғыланы зерделеу жөніндегі кешенді жобаға (HAARP) барып тіреледі.

0 пікір
Мұрағат