Пирамидадан да үлкен тау-төбе қоқыс үйіндісі (видео)
Пирамидадан да үлкен тау-төбе қоқыс үйіндісі (видео)
5 жыл бұрын 2640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда қоқыс мәселесі тұрмыстық деңгейден асып, саяси деңгейге көтерілгенін айта кету керек. Халықаралық жанжалдарға ұласып, дау-дамайды өршітіп жататын қоқыс мәселесі күллі адамзаттың бас ауруына айналған. Қоршаған ортаға келтірер ұшан-теңіз зияны мен адамның денсаулығына төндірер қатері айтпаса да екібастан белгілі. Таяуда ғана Канада мен Филиппин арасындағы қоқыс дауын алсақ та жетіп жатыр. Филиппин президенті Родриго Дутерте осыдан алты жыл бұрын филиппиндік Манила жағалауына бірнеше тонна қоқысты тастап кеткен Канадаға қоқысын алып кетпеген жағдайда соғыс ашатынын мәлімдеген болатын. Бұл арада 2013 жылы канадалық жекеменшік компанияның Филиппин жағалауына 2,5 тонна қоқыс тиелген 103 контейнрді тастап кеткені турасында сөз болып отыр. Жол-жөнекей қоқыстың қайта өңдеуге келмейтіні белгілі болған соң канадалық компания филиппин аумағына тастап кеткен.. Осыдан кейін Филиппин билігі Канададан қоқысты алып кетуді талап етумен келеді. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі, өкінішке қарай. Үндістан астанасындағы Газипур қоқыс үйіндісінің биіктігі Лондон қаласындағы әлемге әйгілі көпір мұнарасының биіктігін артқа тастаған. Осы қарқынмен жинала беретін болса, сәулет өнерінің жауһары саналатын Тәж-Маһалдың биіктігінен асып түспек. Жергілікті тұрғындар бұл қоқысты әзілдеп "Эверест" атап кеткен. Оның биіктігі 65 метрден асып кеткен. Осыған байланысты Үндістанның жоғарғы соты аталмыш қоқысқа жарық сигналын орнатуға қаулы шығарды. Ұшақтар соқтығысып қалмасы үшін. Бұл қоқыс алаңы 1984 жылы ашылған.  Күніне бұл қоқысқа 2000 тоннадай қоқыс тасталады. Бұл қоқыс төңіректі мүңкіген иісімен ғана улап қоймай, жауын-шашын кезінде қоқыс лайы адамдарды басып қалу қатері артып келеді. Өзендерді ластауда. 

0 пікір
Мұрағат