Профессор бір ағашқа қырық түрлі жеміс өсетін әдіс ойлап тапты (видео)
Профессор бір ағашқа қырық түрлі жеміс өсетін әдіс ойлап тапты (видео)
9 жыл бұрын 4994

АҚШ-та тұратын суретші әрі профессор Сэм Ван Акен бір ағашта 40 түрлі жеміс өсіруге болатын әдіс ойлап тапты. Басқа жыл мезгілдерінде ағаштың ешқандай кереметтігі көрінбесе де, көктем келе ағаштың жан-жағынан неше түрлі жеміс өсе бастайды, деп жазады Baq.kz порталы rt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

 Профессор қыс басталмай тұрып, бір ағашқа басқа жемістердің бұтақтарын жалғайды да олардың бітісіп кетуін күтеді екен.

«Мен ағашқа бұтақтарды жалғап, олардың гүлдеп кетуін қамтамасыз етемін», - дейді Ван Акен.

Будан ағаш өрік, шабдалы, абрикос, шие сияқты қырық түрлі жемістің бұтақтарын қабылдай алады.

Өзінің бұл әдісін профессор 2008 жылы алғаш рет жасаған екен. Жалпы, қырық түрлі жеміс өсетін бір ағашты баптап шығу үшін орта есеппен 5 жыл уақыт керек. Қазіргі таңда шамамен осында 16 ағаш музейлер мен қоғамдық орындардың көркін ашып тұр.

0 пікір
Мұрағат