Эскалатор әйелді «шайнап» өлтірді (видео)
Эскалатор әйелді «шайнап» өлтірді (видео)
9 жыл бұрын 6789

Қытайдың Хубэй провинциясында жантүршігерлік жәйт тіркелді.

Мұндағы сауда орталығына баласымен келген әйел эскалатормен жоғары көтеріле бастады. Екінші қабатқа жетіп, алға қадам баса берген оны кенеттен жер «жұтты». Бұл жайында нұр.кз  ақпарат көзі хабар таратты.

Ең соңғы жан-дәрменмен сәбиін «жалмағыш» эскалатордан құтқарып үлгерген жас ана темір қысқыштың арасында шайналып, құрдымға кетті. Оны құтқармақ болған қызметкерлер әрекетінен түк шықпады.

Адам танымастай болып, мылжаланған әйел темір құрсауынан тек 3 сағаттан кейін ғана шығарып алынды. Өкінішке орай, ол алған көптеген жарақаты мен қан кетуден сол жерде көз жұмған.

Сауда орталығының өкілдері адам шошырлық оқиғаға түсініктеме берген жоқ. Қазір адам өліміне байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды informing.ru.

Қазіргі кезде әрбір сауда орындарында, ойын-сауық орталықтарында эскалаторды жиі кездестіруге болады. Ол адамды әуреге салмай тез көтеруімен ерекшеленеді. Сондықтан адамдар жай баспалдақтан гөрі эскалатормен көтерілгенді жөн көреді. Алайда одан келер қауіп те жоқ емес. Эскалатормен көтерілгенде немесе түскенде барынша абай болған жөн.

 

 

1 пікір
  • Астағфирулллаһ. Расында ажал айтып келмейді-ау. Эскалаторларда осындай жағдайларда апатты тоқтату функциясы қарастырылмаған болғаны ма?...
    9 жыл бұрын
Мұрағат