Қадір түні Касабланка мешіттерінің бірінде тышқанның кесірінен 80 адам жарақат алды (видео)
Қадір түні Касабланка мешіттерінің бірінде тышқанның кесірінен 80 адам жарақат алды (видео)
9 жыл бұрын 5215 nur.kz

14 шілде күні Қадір түнінде Марокконың ірі қалаларының бірі – Касабланкадағы Хасан екінші мешітінде тышқанның салдарынан жиналған жұрт дүрлігіп, бірталайы жарақат алды.

Соңғы деректерге сүйенсек, кептеліс салдарынан 80 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі әйелдер, кейбірінің дене мүшелері сынып, ал кейбірі жеңіл жарақат алды.

Есінен танғандары да бар. Morocco World News атап өткендей, зардап шеккендердің ішінде жеті айлық жүкті әйел де бар. Қазір олар дәрігердің қарауында.

Оқиға мешітте құлшылық етушілердің бірінің тізесіне тышқан секіріп шыққаннан кейін орын алған. Қатты шошынған әйел айғайлаған күйі есікке қарай жүгірген, осыдан соң адамдар бір-бірін мыжып-жаншып есікке ұмтылған.

 

Зекет тарату кезінде 5 мұсылман қайтыс болды

Нигерияның Кадун штатында қасиетті Рамазан айының аяқталып қалғанына орай азық-түлік түрінде зекет тарату кезінде 5 мұсылман кезекте тұрған, сығылысқан жұрттың арасында қысылып өлді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Pulse Nigeria» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сүт өнімдерін сатумен байыған ауқатты бизнесменнің зекетін күту кезінде орын алған еді бұл қайғылы жағдай. Бұған қоса, аптап ыстық пен шөлден ондаған адам есінен танып қалды. Зекет алдымен әйелдерге таратылған болатын, алайда, осыдан кейін алға ұмтылғандардың кесірінен кезек жайына қалып, бірін-бірі итере кимелеген жұрттың арасында қалып қойғандар өзін жан-жақтан қысқандардың қыспағын бұзып-жарып өте алмаған. Зейнеп Мұхаммед есімді әйел зекет таратылатынын айтып, өзімен бірге ертіп алып келген сіңлісінің де осы қыспақтан аман қалмағанын зар еңірей отырып жеткізді. Десе де, аталмыш штат полиция басқармасының баспасөз хатшысы мұндай қайғылы оқиғаның орын алмағанын айтуда. Адамдар қарақұрым боп жиналған кезде тәртіп сақшылары жағдайды реттеу үшін жұмылдырылғанын тілге тиек етті. 

0 пікір
Мұрағат