Трансвеститтер Рамазан айын қалай өткізгенін айтып берді (фото)
Трансвеститтер Рамазан айын қалай өткізгенін айтып берді (фото)
9 жыл бұрын 2916

«The Huffington Post» басылымының тілшілері өздерін мұсылман санайтын, Индонезиядағы арнайы медресе интернатта жатып білім алып жүрген трансвеститтердің өмірінен сыр шертетін мақала жариялапты. Трансвестит Марьяни ашқан, вариаларға (Индонезияда жынысын ауыстырып, әйелге айналған еркектерді осылай атайды – ред.) арналған әл-Фаттах медресе-интернаттағы трансвеститтер қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, қасиетті Құран оқып, тыңдап, туысқандарының және бақилық болған трансвеститтердің қабірін зиярат етіп, ауызашар жасап өздерінше құлшылықпен өткізген екен. Трансвеститтердің өз бетінше мешіт ашуына оларды мешітте жамағаттың жақтырмай кеуделерінен кері итергені себеп болған. Айта кетейік, асыл дінімізде жынысын ауыстырып, Алла берген тәнін өзгертіп, жаратылыс табиғатынын ауытқып, ойына келгенін істеуге қатаң тыйым салынған. Ол ол ма, әйел секілді қылық танытып, әйелше киінген немесе ер адамша қылық танытып, еркекше киінген адамдарды Алла лағынеттеген.

3 пікір
  • Осындай адамдарды психологиялық ауытқуы бар ма деп ойлаймын. Сау, иманы бар адам мұндай қылық танытпас болар.
    9 жыл бұрын
  • Йа негізі ауру!бірақ мына қылықтары тағы асыл пəк дінімізге кір келтіре ме деп қорқам...
    9 жыл бұрын
  • Олар үшін неге мешіт медресе ашқан? Әлде тәнін ауыстырған соң дінге келгендер ма? Қалай болса да құптарлық нәрсе емес
    9 жыл бұрын
Мұрағат