Қысқа белдемшенің дауы
Қысқа белдемшенің дауы
9 жыл бұрын 2445

Марокко соты айлақты қала болып табылатын Ағадыр шаһарының көшелерімен қысқа белдемшемен жүріп, әдепсіз қылық танытқаны үшін айыпталған біреуі 23-те, ал екіншісінің жасы 29-ға келген екі әйелді ақтап шығарды. Бұл жайында «express.co.uk» ақпарат көзі хабар таратты. Көшедегі жүргіншілер олардың артынан ысқырып, әйелдердің әдепсіз қылық танытқандарына наразылықтарын осылайша білдірген болатын. Олар шілде айының 16-ы күні тұтқындалып, жергілікті абақтыға жабылған еді. Марокка заңы бойынша оларға екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнген болатын. Олардың тұтқындалуына байланысты бүкіл елде ел билігінің бұл әрекетіне наразылық акциялары болып, құқық құрғаушылар өретүрекелді. Әлеуметтік желілерде екі әйелді жақтаған науқан басталды. Жүздеген адвокаттар оларды сотта қорғауға құлшыныс танытты. Енді құқық қорғаушылар оларды мазақтағандай болып, арттарынан ысқырған «жүгермектерді» әздестіріп жатыр. Әдепсіз әйелдерге құрметпен қарамады деген желеумен жазаламақшы.

0 пікір
Мұрағат