|
Қажылыққа қатысты шектеулерге ішінара өзгеріс енгізілді
|
Саудияның қажылық және ұмра министрлігі қажылар үшін COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулерге ішінара өзгеріс енгізгенін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаңа ереже талаптарына сәйкес жасы 12-ге толған және осы жастан асқан ел тұрғындары мен шетелдік азаматтар кіші қажылығын өтей алады. Аталмыш министрліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған мәлімдемеде айтылғандай, жасы 12-ге келген және осы астан асқандар жұқпалы індетке қарсы екпе алғандары ғана қажылыққа жіберіледі. Бұдан бөлек, жасы 12-ге дейінгі жеткіншектер де Мекке мен Мәдина қалаларындағы қасиетті екі мешіттің сыртқы ауласына енуіне рұқсат етіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды