Қара құрлық қасіреті: Африка - суицид деңгейі ең жоғары континент (ДДСҰ)
Қара құрлық қасіреті: Африка - суицид деңгейі ең жоғары континент (ДДСҰ)
2 жыл бұрын 964 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша өз-өзіне қол салу деңгейі өте жоғары он елдің алтауы Африка құрлығында орналасқан. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл тарапта келтірген дерекке қарағанда, аталған аймақ бойынша әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 11 суицидтен келіп отыр бүгінгі таңда. Біріккен Ұлттар Ұйымының талдау нәтижесіне қарай бұл көрсеткіш орташа әлемдік есептен жоғары. Орташа әлемдік есеп бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 10 суицидтен келеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Африкада 20 өз-өзіне қол жұмсау оқиғасының біреуі қайғылы жағдаймен аяқталады. ДДСҰ-ның Африка бойынша аймақтық директоры Матшидисо Моетидің айтуынша, бұл құрлықта орын тепкен елдер ұлттық денсаулық сақтау бағдарламаларында суицидтің алдын алуға басымдық бермей келеді. Бұдан бөлек, Африкадағы суицид деңгейінің жоғары болуына қауіп-қатер факторларының алдын алуға, соның ішінде психикалық ауытқуларды болдырмауға қаражаттың тым аз бөлінуі де себеп болып отыр. Дәлірегі, орта есеппен үкіметтер аймақтағы психикалық денсаулықты сақтауға жылына бір адамға 50 центтен аз бөледі. Бұл қаражат ДДСҰ тарапынан психикалық аурулар үшін белгілеген мөлшерден жүздеген есе аз. Психиатрлардың саны облыстың жарты миллион тұрғынына бір ғана маманнан келеді екен Бүгінде 116 млн африкалық азамат психикалық дертке шалыққан. Сонымен қатар, психикалық денсаулық мамандары негізінен қалалық орталықтарда жұмыс істейді, ал ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің көпшілігінде психиатрлар жоқ.

0 пікір
Мұрағат