Құран жаттағандардың жаза мерзімі қысқартылып жатыр
Құран жаттағандардың жаза мерзімі қысқартылып жатыр
2 жыл бұрын 1758 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубайдағы түрме қабырғасындағы алты айдан 20 жылға дейін үкімге кесілген тұтқындардың115-нің жаза мерзімі қысқартылды. Қасиетті Құранды жаттағы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзын саны 124 тұтқын қасиетті Құранды жаттау бойынша тест тапсырған. Осы 124 тұтқынның 115-нің жаза мерзімі қасиетті Құранды қаншалықты жаттағанына байланысты қысқартылған.  Дәлірегі, қанша сүре немесе аят санына байланысты қысқартылған. Соның ішінде 20 жыл «арқалаған» тұтқындардан жеті адамның жаза мерзімі қысқартылған, соның ішінде төртеуінің жаза мерзімі 20 жылдан 15 жылға ауыстырылды. Түзету мекемесі мен Құран жаттау орталығын үйлестіруге жауапты Мұхаммед әл Хаммади осындай дерек келтіріп отыр. Бұдан бөлек, сегіз тұтқын жаза өтеу мерзімі 10 жылға, жиырма тұтқынның жаза мерзімі бес жылға, отыз бес тұтқынның жаза мерзімі 1 жылға, қырық бір тұтқынның жаза мерзімі алты айға ауыстырылды. Осылай дей келе ол қасиетті Құранды жаттау бағдарламасы 17 жыл бұрын Дубайдағы жазалау әрі түзету мекемелерінде қолға алынғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат