|
Қылмысқа тән элемент кездесетін мәдениет түрін насихаттауға тыйым салынады
|
Ресей Федерациясында бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламторда қылмыстық элемент кездесетін кез келген мәдениет түрі, дәлірегі, субмәдениетті насихаттауға қатаң тыйым салатын құжат дайындалып жатыр. Бірден айта кетейік, аталған елде суицидті, есірткіні және ішімдікті насихаттауға бұрыннан тыйым салынған болатын. Алайда, кейінгі кезде аталған тыйымдарға қарамастан жастар арасында өмірден баз кешушілік, өз-өзіне қол жұмсау фактілері мен өзге де қоғамдық құндылықтарға жат азғын әдеттер толастамай отыр. РФ билігі осыларды ескере отырып, ендігі жерде субмәдениетке тыйым салуды жөн көріп отыр. Тағы бір айта кететіні, қазіргі уақытта Ресей аумағында жастардың арасында қылмысқа итермелейтін түрлі қауымдастықтар бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды