Қытай соты компанияларға жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыруға тыйым салды
Қытай соты компанияларға жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыруға тыйым салды
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай соты компанияларға жалақыны үнемдеу есебінен пайда көру мақсатында қоластындағы жұмысшыларын жасанды зерде технологиясымен алсатыру үшін жұмыстан қысқартуға немесе жұмыстан бостатуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігі еңбек нарығындағы теңгерімді сақтауға мүдделі. Жұмыссыздық пен оған байланысты әлеуметтік шығындардың алдын алу мақсатында осындай қадамға барып отыр. Ханжоу халық соты автоматтандыруға байланысты жұмысшылардың жұмысынан айыруды заңсыз деп танып, осындай үкім шығарыпты. Компаниялар жұмысшыны жұмысынан қысқартпас бұрын алдымен осындай шешім қабылдаудың, яғни, жұмыысшыны қуудың заңдық негізін көрсетуін міндеттейді. Ал автоматтандыру процесі жұмыстан шеттетудің заңдық негізі бола алмайды. Осылайша бизнестің цифрлы трансформациялануы мен жұмысшы құқығы арасындағы нақты әрі заңды шекара белгіленді. 

0 пікір
Мұрағат