|
Ресей әскерлерінің саны қанша?
|
Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин РФ Қарулы күштерінің штаттық саны туралы жарлыққа қол қойды. Аталмыш құжатта айтылғандай, ресейлік әскерилердің қарасы 1 902 758-ден, соның ішінде әскери қызметкерлердің саны 1 013 628-ден аспауы тиіс. Осы жарлық күшіне енбей тұрып, ресейлік әскерилер саны 1 млн 903 мың 51 адамды құраған еді. Яғни, РФ Қарулы күштері сапындағы әскерилердің саны 293 адамға қысқаратын болады. Айта кетейік, әлемдегі санаулы алып державалардың ең қуатты әскерлерінің саны әлемдегі саяси жағдайларға қарай өзгеріп отырады. Мемлекет бюджетіне қыруар салмақ түсіретіндіктен әскер санын азайтуға мүдделі. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қысқартуды семіріп кеткен әскерилер есебінен жүргізетінін мәлімдеп үлгерді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды
■
Соңғы 5 жылда Қытай аумағынан мұнай мен газдың 225 кеніші табылған
■
Христиандықтың таралу қарқыны исламнан көп артты қалып қойған
■
Түркияда университет аумағынан мұнай қоры табылды