|
Сақалы үшін соққыға жығылған католик
|
Ұлыбританияның сәнқой тұрғыны сақал өсірем деп, таяқ жеді. Тапа тал түсте. Исламофобтар, дәлірегі, Джошуа О’Лири және Альфред Янг есімді британиялықтар тегі италиялық бармен Дарио Антониониді сыртқы келбетін мұсылмандармен шатастырып, соққыға жыққан. Онымен қоймай, одан елден кетуді талап еткен. The Independent ақпарат көзі хабарлағандай, жәбірленуші өзінің мұсылман емесін айтса да исламофобтар оның сөзіне сенбеген. Нәтижесінде айыпталушыларға қоғамдық жұмысқа жегу туралы үкім шықты. Осыдан кейін сәнқой бармен сақалын жылмағай етіп қырып тастады. Естеріңізде болса, ауруына байланысты шариғат шәлісін жамылуға мәжбүр болған атеист әйел турасында хабар таратқан едік. Оның басындағы жағдай да италиялықтың басынан өткен жағдайға ұқсайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды