Сауд Арабиясы да сутегі энергетикасын дамытып, ірі экспорттаушыға айналғысы келеді
Сауд Арабиясы да сутегі энергетикасын дамытып, ірі экспорттаушыға айналғысы келеді
2 жыл бұрын 1550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mario Anzuoni / Reuters

Саудия билігі экологиялық жағынан таза сутегін өндіретін зауыт салып, төрт жылдан соң экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Neom жобасының энергетика және су ресурстарының басшысы Питер Териумның айтуынша, аталған араб елі жасыл сутекті сатуға нық әрі нақты шешім қабылдаған. Осы мақсатта қолға алынған 5 миллиард долларға бағаланған жоба 2026 жылға дейін аяқталады - инженерлер Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы жер телімін тегістеуді толық аяқтап үлгерді. Электр стансасы күн және жел энергиясымен жұмыс істейтін болады. Азия мен АҚШ компанияларынан сутегіге сұраныс жоғары болуы мүмкін, өйткені, дәл осы энергетикалық ресурс энергиямен жабдықтаудың экологиялық таза жүйесіне көшудің кілті болып саналады. Питер Териумның айтуынша, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея және АҚШ-тың  арасында бұл саладағы бәсекелестік жоғары болмақ. Сутегі ең жоғары баға берушіге беріледі. Қазіргі уақытта ең ірі мұнай өндіруші  ел - Сауд Арабиясы да сутегі нарығында жетекші орынға ие болғысы келеді. Сарапшылардың айтуынша, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман экономиканы әртараптандыруға ынталы және мүдделі, сутегі оның стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Дегенмен, кем дегенде он жылда Саудияның мұнай шикізатына сұраныс жоғары деңгейде қалатынын да алға тартып отыр. Мұнай экспорттаушы елдер жаһандық жылынуға себеп болып отырған атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін барынша азайтуға және көміртектен ада мемлекетке айналуға ұмтылуда. Сауд Арабиясы 2060 жылға дейін атмосфеараға бөлінетін зиянды заттарды нөлдік деңгейге жеткізуді мақсат етіп отыр, ал Біріккен Араб Әмірліктері бұл мақсатқа 2050 жылға қарай жетуді көздеп отыр.

Ұқсас материал:

"Араб түбегінде әлемде теңдесі жоқ сутегі зауыты салынады" (https://www.islam.kz/kk/news/alem/arab-tubeginde-alemde-tendesi-joq-sutegi-zauyty-salynady-video-13845/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат