|
Саудия бір елдің азаматтарына қажылыққа келуге тыйым салды
|
Саудия билігі Эбола індеті өршіп тұрған Конго демократиялық республикасының азаматтарына қажылыққа келуге тыйым салды. Эбола індетінен өзге қажыларды сақтау мақсатында. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Десе де Дүниежүзілік денсаулық ұйымы індет жайлаған елмен сауда-саттық қатынасына және саяхаттаушыларға шектеу қоймауға шақырып отыр. «Қажылардың амандығы үшін КДР-ден келетін тұлғаларға виза беру тоқтатылды»,- деп айтылған Саудияның сыртқы істер министрлігінің хабарында. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Эбола індетінен бір жылға таяу уақыттан бері 1700-ден аса адам опат болған еді. Конго тұрғындарының шамамен 3%-ын мұсылмандар құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді