Саудия қажыларға арналған алғашқы онлайн платформасын іске қосты
Саудия қажыларға арналған алғашқы онлайн платформасын іске қосты
1 жыл бұрын 1109 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: news.myseldon.com

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфық әл-Рабиа қажыларға арналған Nusuk онлайн платформасының ресми іске қосылғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш сервис бизнес үшін де, жеке тұлғалар үшін де 100-ден астам түрлі қызметтерді ұсынады.  Nusuk Туризм министрлігімен және Сауд Арабиясының Туризм басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылатын Pilgrim Experience Program (Қажылық тәжірибесі бағдарламасының) бөлігі болып табылады. Платформа қажыларды ұмраның барлық кезеңдерімен, сондай-ақ, қасиетті Мекке мен Мединадағы және жалпы Сауд Арабиясындағы тарихи аймақтармен және діни орындармен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар, сервис пайдаланушыларды медициналық қызметтермен, ережелермен және рәсімдермен, сондай-ақ, ұмра және қажылық талаптарымен таныстырады. Қызметтің ресми сайтында Nusuk Меккеге, әл-Мединаға және одан тыс жерлерге қажылық немесе ұмраны жоспарлау мен ұйымдастыруға арналған әлемдегі алғашқы ресми платформа. Nusuk көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар eVisa-ға өтініш беруден бастап қонақүйлер мен рейстерді брондау сияқты барлық сапарын оңай ұйымдастыра алады. Nusuk, бұдан бөлек, маңызды, көрнекі орындарға баруды жоспарлау, көлік табу, маршруттарды жасау және т.б. үшін пайдаланылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат