Катар жанкүйерлеріне исламды насихаттаудың жаңа әдісін тапты
Катар жанкүйерлеріне исламды насихаттаудың жаңа әдісін тапты
1 жыл бұрын 1178 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем чемпионаты жақындаған сайын Катар билігі жанкүйерлерді ислам және араб мәдениетінің негіздерімен таныстырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Jazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Елдегі қонақүйлерде меймандарға QR кодтарын тарата бастады, ол ислам діні туралы түрлі тілдерде ақпарат ала алады. QR коды осы мақсат үшін Уақыптар (Діни қайырымдылық) министрлігі жасаған бетке апарады. Сонымен қатар, QR коды бар флайерде Абдулла бен Зейд әл-Махмуд ислам мәдени орталығының логотипі бар, қызығушылық танытқандар осы жерден толық ақпарат ала алады. Бұл шара футбол жанкүйерлерін Ислам дінімен таныстыруға арналған алғашқы акция емес екенін айта кетпекпіз. Бұған дейін Дохадағы ғимараттарда Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мейірімділік, қайырымдылық және игі істер туралы хадистері (нақыл сөздері) пайда болған еді. Ертең басталатын чемпионат Таяу Шығыста араб және мұсылман елінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Катар билігі жанкүйерлердің тек матчтардан ләззат алып қана қоймай, исламдық білімдерін кеңейтуіне күш салуда.

0 пікір
Мұрағат