Саудия қаржының жылыстауына қарсы күресті күшейтеді
Саудия қаржының жылыстауына қарсы күресті күшейтеді
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының министрлер кабинеті ақшаның жылыстауына қарсы күрес туралы заңнамаға енгізілген түзетуді мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ендігі ереже талаптарына сәйкес бұл тарапта құқық бұзумен көзге түскендердің тек дүние-мүлкі тәркіленіп қоймай, сонымен қатар, шетелге де шыға алмайды. Дәлірегі, 28 баптың жаңартылған нұсқасына сәйкес ақша жымқырып қолға түскен саудиялық азаматтың активтерін мемлекет иеленеді әрі оның түрмеде өтетейтін жаза мерзіміне тең уақыт ішінде шекарадан асуына тыйым салынады. Ал шетелдік құқық бұзған тұлға жазасын өтеп болған бірден елден қуылады әрі ел аумағына қайта кіруіне біржола тыйым салынады - тек қажылық пен ұмрадан өзге уақытта. Түзетулер қаржылық санкцияларды да күшейтеді. 33-бапта сот үкiмі шығарылғаннан кейiн айыпталушының қолды қылған қаражаты және олармен байланысты активтерi тәркiленеді. Егер заңсыз құралдар заңды активтермен араласып кетсе, қрланған қаржының мөлшері ғана алынады. Ал өзге де активтерінің шығу тегін түсіндіріп бере алмаса немесе қайдан келгенін дәлелдей алмаса, онысын да мемлекет өз иелегіне алып қояды. Соттың билікке тәркілеуге жататын активтерді өндіріп алуға кедергі келтіруі мүмкін мәмілелерді немесе қызметті жоюға немесе тоқтата тұруға да өкілеттіктері бар.

0 пікір
Мұрағат