Саудия ядролық бағдарламасын жүзеге асыра бастайды
Саудия ядролық бағдарламасын жүзеге асыра бастайды
1 жыл бұрын 1665 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының аумағынан атом энергетикасын дамытуға жеткілікті уран қоры табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жоба уранды өңдіру мен өңдеуден бастап, ядролық отын алуға дейінгі процесті қамтитын болады. Саудияның энергетика министрі ханзада Әбдіәзіз бен Салманның (суретте - ред.) мәлімдеуінше, ядролық отын елдің қажеттілігі үшін де, экспорт үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта араб түбегіндегі жалғаз атом электр стансасы Біріккен Араб Әмірліктерінде. БАӘ уран байытудан әрі ядролық қалдықтарды өңдеуден бас тарту бойынша әлем қауымдастығы алдында міндеттеме алған еді. Әбдіәзіз бен Салманның айтуынша, уран кеніші Саудияның бірнеше аймағынан, атап айтқанда, Мәдина маңынан, Жәбал Сайдтен, Жәбал Кариядан табылып отыр. Осылайша Саудия аймақтағы аса ірі энергетика хабына айналуға толық әлеуеті бар елге айналды. Дәлірегі, көмірсутегін ғана емес, сонымен қатар, атом энергетикасы мен жаңғыртпалы энергия көзінен алынған энергияны да тұтынатын әрі экспорттайтын ел атанады.

0 пікір
Мұрағат