Түркияда 100 жылдан бері алғаш рет шіркеу салынайын деп жатыр
Түркияда 100 жылдан бері алғаш рет шіркеу салынайын деп жатыр
1 жыл бұрын 1284 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: gorthodox.com

Ыстамбұл мегаполисінің Бақыр ауданында көп ұзамай Әулие Ефрем православ шіркеуінің құрылысы аяқталады. Бұл жайында islam.kz порталы The Christian Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік тарапынан аталған елдегі діни азшылықты құрайтын христиандарға соңғы он жылда өз шіркеулерін күрделі жөндеуден өткізуге рұқсат берілгенімен жаңадан ғибадат ғимараттарын тұрғызуды мемлекет мақұлдамай келген еді. Христиандардың ғибадат ғимараттың ірге тасын 2019 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қалаған болатын. Ыстамбұлдағы сириялық православ христиандарының қарасы 12 мың мен 17 мыңның аралығында болады. Салынып жатқан праволав шіркеуінде бір мезгілде 700-ге тарта адам құлшылық ете алады. Аталмыш шіркеудің жоғарғы екі қабатында шомылдыру (немесе шоқындыру) рәсімінен өтуге арналған немесе үйленуге ниет білдірген жұптардың жорағысына арналған бөлмелер және жерасты автотұрақ бар.

0 пікір
Мұрағат