Сегіз жылдан соң әлемдегі су тапшылығы 40%-ға жетеді
Сегіз жылдан соң әлемдегі су тапшылығы 40%-ға жетеді
4 жыл бұрын 3995 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Hаурыз айының 22-сі күні UNESCO 200 беттен тұратын әлемдік су тапшылығы проблемасына қатысты баяндамасын жариялады. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке сәйкес 2030 жылы әлемдік су тапшылығы 40%-ға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі статистикалық мәлімет бойынша 2 млрд-тан аса адам судан тапшылық көріп отыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артпаса, кемімейді. UNESCO-ның бас директоры Одре Азуленің айтуынша, су – аса құнды ресурс, тіршілік көзі. Ол тек өмір сүру (ауыз су, ауыл шаруашылығы) үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар, тазалық сақтау, денсаулық кепілі ретінде де алға шығады. Баяндамада, сонымен қатар, суды үнемдеудің ғылымға негізделген инновациялық тәсілдерін қолданысқа енгізу қажеттілігі сөз болған. Сондай-ақ, судың құнын нарықтағы бағасына қарай емес, оның тигізер пайдасына қарай есептеу керектігі айтылған. Алайда, бүгінде мұндай бағалауды жүзеге асыратын адамзатқа ортақ моделдің жоғын да мойындап отыр. 

Қосымша мәлімет: 

-       UNESCO мен Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2019 жылғы мәліметі бойынша 2,21 миллиард адам ауыз суға жарымай отыр;

-       Жер шары тұрғындарының жартысынан көбісі, дәлірегі, 4,52 миллиард адам тазалық талаптарын сақттауға қажетті суға зар болып отыр (UNESCO/ДДСҰ, 2019);

-       Жыл сайын бес жасқа дейін әлем бойынша 297 000 бала таза судың болмауынан әрі ауыз су сапасының нашарлығынан диареядан көктей солады (UNESCO/ДДСҰ, 2019);

-       Су тапшылығын әлем бойынша әрбір оныншы адам тартып отыр;

-       Табиғи, яғни, стихиялық апаттардың 90%-ы сумен байланысты орын алып отыр (климат өзшерісіне байланысты);

-       Адамзат пайдаланған судың 80%-ы қоршаған ортаға заласыздандырылмай жіберіледі;

-       Трансшекаралық өзендердің үштен екісіне қатысты бірігіп пайдалану туралы келісім жоқ (SIWI);

-       Ауыл шаруашылығы үшін әлемдік тұшшы судың 70%-ы пайдаланылады;

-       Өнеркәсіптік мақсатта алынатын судың 75%-ы энергия өндіру үшін пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат