|
Солтүстік Кореяға қойылған шектеулердің ақыры аштыққа апаруы мүмкін
|
Санкция демекші, қосымша қыл бұраулардың боларын ескерген Солтүстік Корея үкіметі жергілікті халқын төзімді болуға қазірден шақырып жатқан сыңайлы. Себебі жаңа шектеулер шетелдермен алыс-берісті, түрлі деңгейдегі байланыстарды үзуі мүмкін. Кей сарапшылардың пікірінше, санкциялар шет-шетінен салына берсе, елде 1993 жылы болған жағдайдың қайталануы ықтимал. Әр түрлі деректерге сүйенсек, ол кезде аштықтың салдарынан 240 мыңнан бастап 3,5 миллионға дейін адам опат болған көрінеді. Айта кетейік, 2 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы 20 жыл ішіндегі ең қатаң санкциялар тізімін бірауыздан мақұлдаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды