|
Үндістанда лас ауаның кесірінен жылына 600 мың адам көз жұмады
|
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында ауаның ластануын азайтуға бағытталған тәжірибенің екінші кезеңі басталды. Алдағы 15 күнде тақ күндері тақ нөмірлі, жұп күндері жұп нөмірлі көлік иелері ғана жүре алады. Қала әкімшілігі осы әдіспен көшелердегі көлік санын 1 миллионға азаятынына үмітті. Ал ереженің толық сақталуын полиция қадағалайды. Тәжірибенің алғашқы кезеңі жыл басында өткен. Нью-Дели – әлем бойынша ауасы ең лас қалалардың бірі. Осының салдарынан қаладағы оқушылардың жартысы өкпе ауруына шалдыққан. Үндістанда лас ауаның кесірінен жылына 600 мың адам көз жұмады. «Автокөліктерден шығатын көк түтіннен балаларымыз аурып жүр, жүрегі айнып, құсады. Кейде іші өтеді. Үнемі ауруханаға баратын болдық», – дейді Нью-Дели тұрғыны Тулси Деви.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды