Соңғы 60 жылдағы ең ауыр құрғақшылық: Африкада жануарлар жаппай қырылып жатыр
Соңғы 60 жылдағы ең ауыр құрғақшылық: Африкада жануарлар жаппай қырылып жатыр
1 жыл бұрын 1602 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африканың шығысында соңғы 10 жылда ең қатты құрғақшлық жайлап, мыңдаған жануар қырылды. Арасында пілдер мен зебралар бар бар. Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera English ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы құрғақшылыққа Сомалиден мыңдаған шақырым қашық жерде қалыптасқан, Ла Нина деп аталатын климаттық құбылыс себеп болған. Ла-Нинья Тынық мұхитының шығысындағы экваторлық су температурасы қалыпты деңгейден төмен түскенде басталады. Бұл құбылыс өз кезегінде мұхит температурасының өзгеруін, сондай-ақ, күшті желді тудырады. Кенияның қорықтарында аптап ыстықтан жабайы жануарлар су мен азық жетіспегендіктен қырылуда. Құрғақшылықтан 205 піл, 512 антилоп, 381 зебра, 51 енеке, 12 керік, сондай-ақ, жабайы табиғатта аса сирек кездесетін Греби зебрасының 2%-ы өлген. Мамандар жаһандық жылыну қарқыны мен оның зардабын тигізе бастаған ауыр салдарына алаңдаушылық білдіріп отыр.

0 пікір
Мұрағат