Суықтан емес, ыстықтан өлетіндер қарасы көбейіп келеді
Суықтан емес, ыстықтан өлетіндер қарасы көбейіп келеді
3 жыл бұрын 1794 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын жаһандық жылынудан бірнеше миллион адам өлім жатады. Әсіресе, аптап ыстық орнайтын жаз мезгілінде әлемнің әр түкпірінен ауа температурасының жоғарылауынан бақилық болып жатқандар туралы ақпарат қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан майдан даласынан адам шығыны туралы ақпараттан кем емес. Қытайдағы Шандун университетінің және АҚШ-тағы Мелбурн жоғарғы оқу орнының  ғалымдары климаттық апаттан қанша адамның дүние салатынын анықтапты. Бұл жайында islam.lz порталы ғалымдардың бұл тараптағы есебі жарияланған The Lancet Planetary Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрскеткендей, 2000-2019 жылдар аралығындағы әлем бойынша өлім-жітімнің ондаған пайызы климат өзгерісінің қарқын алуы салдарынан ауа райының қолайсыздығына байланысты болған. Ғалымдар алты құрлықты қамтитын, дәлірегі, барлық құрлықтан 43 елдің деректерін сараптамадан өткізген екен. Нәтижесінде суық тиюден көз жұматындар қарасы 0,5 пайызға азайып, аптап ыстықтан ажал құшатындар қарасының 0,2 пайызға артқаны белгілі болды. Аптап ыстықтан өлу көрсеткіші ең жоғары құрлық – Еуропа, ал бұған қарамам-қарсы көрсеткіш бойынша, яғни, суық тиюден өлу көрсеткіші Африка елдерінде жоғары болып шыққан. Мейлінше жоғары және төмен температурадан болған өлім-жітім өзге себептер бойынша, соның ішінде, аурудан, жазатайым оқиғадан, т.б. болған барлық өлім-жітімнің 9,4 пайызын құрап отыр. Climate Action Tracker коммерциялық емес ұйымы жаһандық жылынудың қарқын алып келе жатқанын алға тартып отыр. Ауа температурасының екі градусқа жоғарылауынан түрлі табиғи апаттар орын алып, өзге де тіршілік иелеріне қауіп төндіріп тұр. Жаһандық жылынуға адамзаттың өзі себеп болып отырғанын алға тартады Калифорния университетінің мамандары.

Ұқсас материалдар:

«Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisi-bir-jane-kop-jasushaly-organizmder-genin-mutatsiyaga-ushyratady-14774/#gsc.tab=0);

"Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-ar-ushinshi-olim-jitim-jahandyq-jylynumen-bailanysty-15309/#gsc.tab=0);

«Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alemdegi-olim-jitimnin-15-y-tek-bir-sebepten-bolady-12878/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

 «Соңғы 20 жылдағы табиғи апаттан опат болғандар саны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jyldagy-tabigi-apattan-opat-bolgandar-sany-belgili-boldy-10928/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат