Тағы бір елде зина жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды
Тағы бір елде зина жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды
5 жыл бұрын 3829 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Брунейде гомосексуалистік қатынасқа барғандарға, әйелінің немесе ерінің көзіне шөп салғандарға, адам зорлағандарға жаза күшейтілді. Яғни, қылмыстық кодекстің аталған талаптары қатаңдатылды. The Guardian ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, аталмыш қылмыс бойынша айыбы дәлелденгендерге ең ауыр жаза - өлім жазасы қолданылады. Қылмыстық кодекстегі өзгерістер сәуір айының 3-і күні қолданысқа енеді. Сондай-ақ, ұрлық жасағандардың қолы мен аяғы шабылатын болады. Бұл заң талаптары тек ел аумағындағы және шеттен келген мұсылмандарға ғана қолданылады. Ал өзге наным-сенімдегілер мұндай ауыр жазадан сытылып кетпек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Бруней халқының шамамен 60 пайызы ғана мұсылмандардан тұрады. Яғни, наным-сенімі өзге ел азаматтарының қарасы 40 пайыздан асып жығылады екен. Заң бәріне ортақ болуы керек. Зина жасау, гомосексуалистік қатынас, адам зорлау Саудияда да өлім жазасы қолданылатын қылмыс болып табылады. 

0 пікір
Мұрағат