Тәліптер Қытай инвестициясына есігін ашты
Тәліптер Қытай инвестициясына есігін ашты
2 жыл бұрын 2053 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың CNPCI компаниясының өкілі Ауғанстанның билік басындағы «Тәліптер» үкіметі (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) премьер-министрінің орынбасарымен кездесіп, Ауғанстандағы қытай инвестициясын жаңғыртуға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы regnum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Тәліптер» қозғалысының баспасөз атшысының орынбасары Имнамолда Саманғани «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында сәуір айының 6-ы күні Ауғанстанның вице-премьері Әбдісалам Ханафимен CNPCI халықаралық қытай компаниясының өкілімен аталмыш мәселені талқылау үшін кездескенін растады. Әбдісалам Ханафи тәліптердің Ауғанстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция құйылғанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол қытай тарапымен инвестиция және түрлі жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін де мәлімдеді.

CNPCI — Қытай халық республикасының мемлекеттік мұнай-газ саласындаы аса ірі энергетикалық компаниясы.

Ұқсас материал: 

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат