|
Тіршілік иелері тірідей азап көруде
|
Қытайда тіршілік иелерін тірідей целофанға қаптап, сувенир ретінде сатып жатыр. Ақша үшін мұндай қадамға барғандарға әзірге ел билігі тыйым салмай отыр. Пластикалық пакеттің ішінде тірі балықты да, тасбақаны да, саламандраны да (кесірткі тәрізді жәндік), т.б. кезіктіруге болады. Олар ауыр да азапты өліммен өлетінін білсе де қаныпезерлердің наным-сенімі бойынша мұндай бойтұмар адамға сәттілік әкеліп, жолын ашады-мыс. Бір қызығы, «тірі» тауарларға сұраныс көп екен ол жақта. Мұндай бір тауардың құны – 1 доллар. Сатушылардың сөзіне қарағанда, тіршілік иелері үшін толтырылған суда оларды қоректендіретін «азықтар» бар көрінеді. Бірнеше айға дейін жетеді. Сонымен қатар, оттегі де жеткілікті көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды