|
Тұрғындарды бақытты болуға міндеттеді. Ол үшін...
|
Францияның батысында орын тепкен шағын қала басшысы тұрғындарды бақытты болуға міндеттеді. Қазан айында бір апта бойы мұңлы әуен естуге, соңы қасіретпен аяқталатын кітаптар оқуға ресми тыйым салынды. Бұл жайында AMNA ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, тұрғындарының қарасы 9000 адамнан аспайтын Эсар-ан-Бокаж қаласының басшысы Фредди Рифо адамдардың көңілін көтеру мақсатында «Бақытты қала» фестивалін ұйымдастырмақ. Аталмыш қала басшысы бәзбіреулерге еріккеннің ермегіндей көрінетін бұл әрекетін күздің келуімен байланыстырып түсіндіріп отыр. Күздің жабырқау күндерінде қала тұрғындарының күйзеліске бой алдырмауы үшін әлгіндей қадамға барып отырғанын айта кету керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Индонезияның ислами қаржы саласындағы толағай табысы